26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Мұнай ұрлығына қатысты деп ұсталған Қызылорданың көлік прокуроры айыбын өзі мойындатындығы туралы хатқа қол қойды

25 мамыр 2017 Қаралым: 2 636 Құқық
Мұнай ұрлығына қатысты деп ұсталған Қызылорданың көлік прокуроры айыбын өзі мойындатындығы туралы хатқа қол қойды

Алматы. 25 мамыр. Ақпараттар орталығы. Мұнай ұрлығы туралы іс бойынша ұсталған Қызылорданың бұрынғы көлік прокуроры Н. Серікбаев айыбын мойындайтындығы туралы хатқа қол қойды, деп хабарлады ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетіне (ҰҚК) сілтеме жасаған ҚазТАГ.

«ҰҚК бас прокуратураның ішкі тексеру департаментінің өкілдерімен бірге Қызылорданың бұрынғы көлік прокуроры Н. Серікбаевтың қылмысқа қатыстылығы анықталды. Алғашқы тексеру барысында Серікбаев Н.Г. «айыбын өзі мойындайтындығы туралы» хатқа қол қойды. Оған қатысты бұлтартпау шарасы «кепіл» түрінде қолданылды», - делінген агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.

Ведомство хабарлағандай, 2017 жылғы 16 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР ІІМ-мен бірлесіп, Қызылорда облысының аумағында мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз сатып алуға, тасымалдауға, сақтауға және сатуға қатысы бар бірнеше қылмыстық топ әрекетінің жолын кесу бойынша ауқымды арнайы операция бастады.

Қызылорда, Тараз және Шымкент қалаларында ведомствоаралық жедел-тергеу топтарының мүшелері бір мезгілде 8 қатысты адамды ұстады, олардың тұрғылықты жерлері бойынша және оларға үлестес кәсіпорындарда, оның ішінде «КАИС-сервис» ЖШС-да (Қызылорда қаласы, асфальт өндіру зауыты және мұнай құю терминалы), «Қарамай Ойл» ЖШС (Тараз қаласы, мұнай құю терминалы) 21 тінту іс-шарасын жүргізді.

Қылмыстық мұнай бизнесін қолдаушылар қатарынан ҚР БП ІҚБ өкілдерімен бірге Қызылорда көлік прокуроры Н. Серікбаев ұсталды. Ол прокуратура органдарынан өз еркімен 2017 эжылғы 25 сәуірде кеткен болатын.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Дереккөз: КазТАГ

Тағы оқыңыз