26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Наурызда Алматы мен Астанадан қосымша пойыздар

9 наурыз 2017 Қаралым: 2 435 Туризм,  Көлік
temirzholy.kz
Фото: temirzholy.kz

Алматы. 9 наурыз. Ақпараттар орталығы. Мереке қарсаңындағы және мереке күндеріндегі жолаушылар тасымалына деген сұранысты қанағаттандыру мақсатында қосымша пойыздар жолға шығады, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен. 

Ақпарға сәйкес, қосымша пойыздар төмендегі бағыттар бойынша шығады:  

«Астана-Алматы» пойызы Астанадан 18 наурызда бір бағытта жолға шығады;

«Алматы-Астана» пойызы Алматыдан 18 наурызда, ал Астанадан 19 наурызда аттанады;

«Алматы-Павлодар» пойызы Алматы 19 наурызда жолға шығып, Павлодарға 21 наурызда келеді.

«Алматы-Арыс» пойызы Алматыдан 17 наурызда аттанып, ертесіне Арыстан кері бағытта жолға шығады.

Тағы оқыңыз