26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Назарбаев Ыстамбұлдағы терактіге байланысты Эрдоганға көңіл айтты

28 июня 2016 Просмотры: 1 106
Назарбаев Ыстамбұлдағы терактіге байланысты Эрдоганға көңіл айтты

Алматы. 29 маусым. Ақпараттар орталығы. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.

Жеделхатта Ыстанбұл қаласы әуежайындағы қайғылы оқиға салдарынан көптеген жазықсыз адамдардың қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды Қазақстан Президенті зор күйзеліспен қабылдағаны аталып өткен. 

Н.Назарбаев күллі мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында террорлық акт жасалғаны ешкімді бей-жай қалдырмағанын айтты.
 

«Қазақстан әлемдік қауіпсіздікке қатер төндіретін халықаралық экстремизм мен терроризм әрекеттерін қатаң айыптайды. Ыстанбұлдағы жантүршігерлік оқиға қандыбалақ радикалды топтар мен олардың идеологиясына өркениетті қоғамда орын жоқ екенін тағы да растады», - делінген жеделхатта.
 

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың жақындары мен туыстарына, сондай-ақ бүкіл Түркия халқына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді