26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Н.Назарбаев қазақстандықтарды жаңа 2015 жылмен құттықтады

31 желтоқсан 2014 Қаралым: 925

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа 2015 жылмен құттықтауы, деп хабарлайды  Қазақстан Республикасы президентінің ресми сайты.

Құрметті қазақстандықтар! Санаулы минуттардан кейін біз жаңа жылды қарсы аламыз! Жаңа жыл – баршаға жан шуағын сыйлайтын жайдары мереке. Жыл сайын біз оны үкілі үмітпен, игі тілекпен қарсы алып, толайым табыспен шығарып саламыз. Әлемдік экономикадағы бүгінгі қиындыққа қарамастан биыл да әл-ауқатымыз арта түсті.

Өтіп бара жатқан жыл дамудың келесі кезеңіне бастайтын  оқиғалармен айшықталды. Біз алдағы жылы күш-қуатымызды еселейтін ауқымды нарықтың есігін ашамыз. Бағдарымыз – белгілі, таңдауымыз – айқын, мақсатымыз – биік. Баршаға шұғыла шашатын «Нұрлы жол» бүкіл еліміздің күретамырына айналды.

Қымбатты отандастар!

Келер жыл – терең тарихымызға, құқықтық негізімізге, берекелі бірлігімізге құрмет көрсететін жыл. Ынтымағы жарасқан халқымыз осы айтулы оқиғаларды лайықты атап өтеді деп сенемін. Қазақ халқы қой түлігін ежелден құт-берекенің басы деп білген. Ендеше, алдағы Қой жылы молшылық пен ырысын ала келсін! Еліміздегі әр шаңырақтың дәулеті мен сәулеті артып, татулығымыз нығая берсін!

Жаңа жыл құтты болсын, ардақты ағайын!