26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

«Нұрлы жол» жаңа вокзалына алғашқы пойыздар келе бастады

1 маусым 2017 Қаралым: 3 099 Туризм,  Көлік
АО "НК "Қазақстан темір жолы"
Фото: АО "НК "Қазақстан темір жолы"

Алматы. 1 маусым. Ақпараттар орталығы. Бүгін  «Нұрлы жол» жаңа вокзал кешені алғашқы пойыздарды қабылдай бастады, алғашқы болып «Қарағанды – Астана» электрпойызы  келді, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметінен. 

Хабарда айтылғандай,   "Сары-Арқа" электрпойызы белгіленген жерге басқа электр пойыздарына қарағанда 2 сағат ерте келген. 

"Біз жолаушыларға пойыздың жаңа вокзалға тұрақтайтындығын алдын ала айттық. Шындығын айту керек, жаңа вокзалға алғашқы болып келетіндігімізге қуанғанымызбен біз қатты қобалжыдық. Есте қаларлықтай тарихи оқиға болды", — деді пойыздың  аға жолсерігі Лаура Жәркенова.

Электр пойызының жолаушысы – Балқаштан келген Жүсіповтар отбасының басшысы да жаңа вокзал туралы өз ойымен бөлісті.

«Біз Астанада жаңа үлгідегі вокзал салынып жатқандығын теледидардан көріп,  естіп жүрдік. Бірақ осыншалықты ғажайып екендігін алғашқылардың бірі болып өз көзімізбен көрдік. Мұнда біз жаңа үлгідегі пойызбен келдік. Вокзал  ғажайып үлкен екен. Барлығы да жаңа технология бойынша салынған. Біздің ойымызша, ЭКСПО-2017 қонақтарын лайықты қарсы алады», - дейді М. Жүсіпов.

Баспасөз қызметінің ақпарынша, 1-маусымда жаңа вокзал кешеніне Павлодар, Маңғыстау жолаушылар пойыздары келіп тоқтаса, осы станциядан Шымкент, Көкшетау, Алматы бағдарына пойыздар жіберілді.. 

Жаңа вокзал кешені 54 пойызға қызмет көрсетеді. Оның 22-сі «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы, 16-сы қарапайым пойыздар, 16-сы қалааралық пойыздар.

Тағы оқыңыз