Оңтүстік Қазақстан асуында EXPO-2017 логотипі орнатылды
Алматы. 17 мамыр. Ақпараттар орталығы. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазығұрт асуында 75 метр биіктікте EXPO-2017 логотипі орнатылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «Қазақпарат».
Әр қанаты 10 метрді құрайтын логотип ЭКСПО- 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін насихаттау мақсатында орнатылып отыр.
"EXPO-2017 логотипі - жаңартылатын энергияларды – күн энергиясы, теңіз толқындарын, жердің магниттік өрісі мен жел ағындарының күш-қуаты мен символдарын біріктіріп тұр. «Болашақ энергиясы» атты көрменің тақырыбына сәйкес ашық таза түстер пайдаланылған. Яғни логотип нысаны EXPO-2017 идеясын толығымен ашып, сонымен бірге Қазақстаннның технология жетістіктерін анық көрсетіп тұр", - деп түсіндірді әкімдікте.

Дереккөз: Казинформ