26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Оңтүстік Қазақстанның 110 жастағы тұрғыны ұзақ жасаудың құпиясын ашты

8 февраля 2016 Просмотры: 2 087

Алматы. 8 ақпан. Ақпараттар орталығы. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының 110 жасар тұрғыны ұзақ жасаудың құпиясын ашты, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен. 

Хабарда айтылғандай, Созақ ауданының әкімі Мақсат Исаев облыстың ең қарт тұрғыны Байсек Рсымбетовті туған күнімен құттықтап, арнайы сыйлық тапсырды.
«Сізді туған күніңізбен құттықтап, Сізге, сіздің балаларыңызға, немерелеріңіз бен шөберелеріңізге зор денсаулық, бақыт тілегім келеді. Жерімізде Сіз секілді дені сау, тың зейнеткерлеріміз көп болса екен деймін», — деді аудан әкімі.
Сонымен қатар, мерекелік кездесу барысында туған күн иесі өзінің ұзақ жасау құпиясымен бөлісті.
Зейнеткердің айтуынша, оның ұзақ жасауына қазақатың ұлттық сусыны – қымыранның көмегі зор екен.
Бүгінгі таңда зейнеткердің 32 немересі және 22 шөбересі бар.