26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Өскеменде 2015 жылдың 1 қыркүйегінен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық интернат ашылады

22 сәуір 2015 Қаралым: 1 148

Бұндай тапсырманы облыстық білім басқармасына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов берді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қыметі.

Интернаттың басты мақсаты – мүмкіндігі шеутеулі балалардың тиісті білім алуы мен қоғамға бейімделіп өсуі. Балалар өз құрдастарымен кәдімгі мектептерде білім алады. Мектептерде де еш кедергісіз білім беріледі.  Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық медициналық-педагогикалық кеңес беру қызметтерінің шешімі бойынша облыс аудандарынан таңдап алады.

«Облыс бойынша ойлау қабілеті сақталған мүмкіндігі шектеулі екі мыңға жуық бала бар. Ондай балалар қоғамда жоғалмай, тиісті білім алулары қажет. Сондықтан олар кәдімгі мектептерде білім алулары қажет», — деді әкім.

Білім басқармасына интернат орнын анықтауға бір ай мерзімінде уақыт берілген.