Павлодар облысында құтыру ауруының кезекті өршуі тіркелді
Алматы. Тамыз 14. Ақпараттар орталығы – Павлодар
облысында құтыру ауруының кезекті өршуі тіркелді, деп хабарлады ҚазТАГ.
«Ірі-қара малдан құтыру ауруының анықталуына байланысты Ақсу қаласы Достық
ауылдық округі Пограничник ауылындағы «Ислам» шаруа қожалығы аумағында шектеу
шаралары белгіленсін», - делінген 11 тамыздағы Достық ауылдық округі әкімінің
жұмада таныстырылған шешімінде.
Еске салсақ, 23 шілдеде ҚазТАГ ХАА Қазақстанның екі өңірінде – Шығыс Қазақстан
мен Павлодар облыстарында құтырма ауруы тіркелгенін хабарлаған еді. 24 шілдеде
ауыл шаруашылық министрлігінде ШҚО-да құтырма ауруының таралу қаупінің алынып
тасталғанын мәлімдеді.
Дереккөз: ҚазТАГ


