Павлодар қаласының трамвай паркі 50 шақты жаңа вагонмен толтырылмақ
Бұл жөнінде Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевпен және Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдерімен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
«Жуырда Павлодарға заманауи әрі Wi-Fi жарақталған 40-50 жаңа трамвай келеді деген алдын ала келісім бар», — деген Қ. Бозымбаев.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ Павлодар қаласының трамвай паркін жаңғырту бойынша құны 4,23 млрд теңге болатын жоба әзірлеген.