Премьер-лига: «Қайрат» тең түсіп, «Астана» жеңіске жетті
28 Сентября 2020
871
Футбол

Алматы. 28 қыркүйек. Ақпараттар орталығы - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының он бірінші турында екі ойын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алғашқы ойын Алматының «Қайраты» мен Көкшетаудың «Оқжетпес» командасы арасында болды. Бұл кездесуде барлығы 6 гол соғылды. Алдымен 6-шы минутта «Оқжетпес» ойыншысы Пламен Димов есеп ашты. Оған алматылық Небойша Косович 28, 38-минуттарда екі голмен жауап қайырды. Ойынның екінші кезеңінің 46, 57-минуттарында көкшетаулық команда сапынан Артем Дмитриев мергендік танытты. Ал 73-минутта «Қайраттың» шабуылшысы Вагнер Лав таразы басын теңестірді. Кездесу 3:3 есебімен тең аяқталды. Ал елордалық «Астана» мен Талдықорғанның «Жетісу» командалары арасында тартысты ойын өрбіді. Елордалық клуб сапынан Жарко Томашевич 39, 65-минуттарда қарсыластар қақпасынан саңылау тапты. Ал 77-минутта «Астана» сапынан Абзал Бейсебеков есепті ұлғайта түсті. Ойында елордалықтар 3:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл ойыннан кейін турнир кестесінде «Қайрат» пен «Астана» арасындағы ұпай айырмашылығы төрт ұпайға қысқарды. Қазір «Қайратта» - 25, «Астанада» - 21 ұпай бар. Сондай-ақ, аталған турда 26 қыркүйекте Жамбыл облысының «Таразы» мен Қостанайдың «Тобылы» арасындағы кездесуде жеңімпаз анықталған жоқ. Командалар 0:0 есебімен тең тарқасты. Аталған турда 29 қыркүйекте «Шахтер» мен «Каспий», «Қызылжар» мен «Қайсар» командалары кездеседі.
ru 260 тыс. казахстанцев прошли обучение на платформе Skills Enbek
ru В Казахстане запущен пилотный проект по маркировке газовых баллонов
ru В Актобе скоро откроется новый мост
ru Казахстанское кино представлено на фестивале в Китае
ru Глава государства принял министра транспорта Нурлана Сауранбаева
ru Глава государства принял Премьер-министра Олжаса Бектенова
ru Глава государства провел заседание Совета Безопасности
ru Президент принял заместителя Премьер-министра Молдовы Михая Попшоя
ru Казахстан экспортировал 9 млн тонн зерна нового урожая
ru МЧС призывает граждан соблюдать правила безопасности в пожароопасный период
ru В Алматы проводится модернизация маршрута к радоновому источнику «Алма-Арасан»
ru Казахстанские ученые предложили новый способ рекультивации нарушенных территорий
ru 37 проектов по обеспечению населения водой реализуется в Абайской области
ru МИД РК объявило конкурс «Казахстан глазами зарубежных СМИ»
ru Введение социальных норм снизило потребление воды на 8%
ru Должностные лица столичной школы подозреваются в присвоении более 900 млн
ru Дело Перизат Кайрат передано в суд
ru В Алматы проверили ход реализации крупных проектов по водоснабжению
ru Антикор реорганизовали и присоединили к КНБ
ru Токаев подписал Закон «О территориальной обороне Республики Казахстан»
ru Токаев направил поздравительную телеграмму Президенту Демократической Республики Конго
ru Антикор изобличил в мошенничестве чиновника в Алматинской области
ru В Астане задержана подозреваемая в масштабном мошенничестве
ru Казахстан завершил эвакуацию своих граждан из стран Ближнего Востока
ru Индийская компания «MSN Group» построит фармацевтический завод в Алматинской области
ru Комплектация групп в детских садах начнется 1 июля в Астане
ru КазГосЦирк провел иппотерапию для детей с особыми потребностями
ru Токаев принял участие в заседании Высшего Евразийского экономического совета
ru 4,8 млрд м³ составил водозабор на нужды орошения в Казахстане
ru Аким Алматы поручил усилить контроль за санитарным состоянием районов