29 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Президент Назарбаев Еурокеңес басшысы Тускпен кездеседі

29 марта 2016 Просмотры: 2 049
Президент Назарбаев Еурокеңес басшысы Тускпен кездеседі
Алматы. 30 наурыз. Ақпараттар орталығы. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия корольдігіне жұмыс сапары аясында Еуропалық кеңес төрағасы Дональд.Тускпен және Еуропалық комиссия төрағасы Жан-Клод. Юнкермен кездеседі, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.   

Хабарда айтылғандай, Брюссель қаласына келген Мемлекет басшысы «Мальбек» метро стансасында 22 наурызда болған террорлық акт құрбандарын еске алып, гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. 

Қазақстан Президенті осы рәсім аясында Брюссель астаналық өңірі Үкіметі басшысының орынбасары Г.Ванхенгельмен әңгімелесіп, қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.

«Қазақстан терроризмнің кез келген көрінісін айыптайды және бельгия халқының қайғысына ортақтасады. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне, ал қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарының осы қасіреттен тезірек еңсе тіктеуіне тілектестігімді білдіремін», - деді Н. Назарбаев.

Бельгияға сапары аясында сондай-ақ Қазақстан Президентінің Еуропалық кеңес төрағасы Д.Тускпен және Еуропалық комиссия төрағасы Ж.-К.Юнкермен кездесуі жоспарланып отыр