Қатты отынды сатушылар салық заңнамасын сақтау қажеттілігі туралы ескертті
Талдықорған. 29 Қазан. Ақпарат орталығы. Алматы облысы бойынша қатты отынды сату тұйықтарын тексеру нәтижесінде көптеген кәсіпкерлер салық органдарында тіркелмеген, оларда кассалық аппараттар және таразыға тиісті сертификаттар жоқ екені анықталды.
Осыған орай, Алматы облысының кәсіпкерлер Палатасы Салық кодексінің 74-бабының 5-тармағына сәйкес салық төлеушіні тіркеу есебіне жеке кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғаларды дара кәсіпкер ретінде тіркеу міндеттілігі және тиісті салықтарды төлеу көзделгенін хабарлайды. Сондай-ақ, осы Кодекстің 166-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналарын міндетті түрде қолдана отырып жүргізіледі.
Өлшем құралдары айналымға шығарылу алдында олардың типі бекітілгеннен кейін немесе метрологиялық аттестаттаудан және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелгеннен кейін, жөндеуден кейін пайдаланылу кезеңінде салыстырылып тексеріледі. Өлшем құралдарын салыстырып тексерудiң оң нәтижелерi өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесінде белгіленген талаптарға сәйкес салыстырып тексеру таңбасының бедерімен және салыстырып тексеру туралы сертификатпен куәландырылады.
Осыған байланысты Алматы облысының кәсіпкерлер Палатасы кәсіпкерлер мен темір жол тұйықтарының иелерін қатты отынды сату бойынша заңнама талаптарын сақтау қажеттігі туралы хабардар етеді.
Заңнама талаптарын сақтамау кәсіпкердің банктік шоттарындағы шығыс операцияларын тоқтата тұру, айыппұлдар мен өсімпұл және т.б. кәсіпкерлік қызметте іркіліске алып келуі мүмкін.
Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7282) 401-282.