26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

ҚАБҚ бастапқы салымды төлеу үшін ескі көлікті қабылдауды ұсынды

26 апреля 2016 Просмотры: 1 936
ҚАБҚ бастапқы салымды төлеу үшін ескі көлікті қабылдауды ұсынды

Алматы. 27 сәуір. Ақпараттар орталығы. Қазақстандық автобизнес қауымдастығы жеңілдікті несиелеу кезінде бастапқы салымды ескі автокөлік есебінен төлеу практикасын енгізуді ұсынды, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің сайты.

«Бастапқы салымды ескі автокөлік есебінен төлеу практикасы біздің азаматтарымыздың мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтетініне сенімдімін. Себебі, бастапқы салымды жинау қажеттігі болмайды. Жеңілдікті 4% несиемен бірге бұл жақсы шешім болып, адамдарға ақша үнемдеуге мүмкіндік береді». - деді ҚАБҚ президенті Андрей Лаврентьев.

Сонымен қатар, ескі көлікті «СБЖ операторына» тапсыру кезінде қазақстандықтарға бастапқы салымдарды жабу үшін өтемақы сертификаттары беріледі деп күтілуде.

«Осы және басқа да бірнеше ұсыныс бақылау органдарының қарауында жатыр. Олар мақұлданады деген сенімдеміз. Реттеуші қайткен күнде де қазақстандықтар үшін ыңғайлы шешім қабылдайды деп есептейміз», - деп атап өтті қауымдастық басшысы.

Дағдарыс кезінде қазақстандықтарға қолдау көрсету мақсатында ҚАБҚ отандық автокөлік сатып алуды жеңілдікті несиелеу бағдарламасын дамытуға ұсыныс жасады.

Жеңілдікті несиелеу мемлекеттік бағдарламасы жылына 4%-бен, көлік құнынан 20% дейін бастапқы салыммен қазақстандық өндірістегі коммерциялық және жолаушылар автокөліктерін сатып алуға мүмкіндік береді. Бағдарлама 20 жылға есептелген және «жаңартпалы несиелеу» негізінде жүзеге асырылады: несие алған жеке тұлғалардың негізгі қарызын өтеуден түсетін қаражат есебінен банктер автокөліктер сатып алуға жаңа қарыздар береді.

Қазақстандық автобизнес қауымдастығы - 2010 жылы ҚР автокөлік нарығындағы өндірушілердің, ресми делдалдардың, импорттаушылардың, дистрибьюторлардың еркін бірлестігі ретінде құрылған коммерциялық емес ұйым.