Қарағанды облысында күн және жел арқылы жұмыс істейтін 6 станцияны іске қосу жоспарлануда
Алматы. 30 маусым. Ақпараттар орталығы. Қарағанды облысында 2020 жылға дейін күн және жел арқылы жұмыс істейтін алты станцияны іске қосу жоспарлануда, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
«2020-шы жылға дейін күн және жел арқылы жұмыс істейтін алты станцияны іске қосу жоспарланып отыр», - деп мәлімдеді облыс әкімінің орынбасары Анатолий Шкарупа облыстық мәслихат сессиясы барысында.
Оның айтуынша, жоспар бойынша қуаты 40-тан 100 МВт-қа дейін баратын үш күн электр станциялары Саран қаласында, Ақтоғай және Шет аудандарында салынады. Сонымен қатар қуаты 10 және 60 МВт екі жел электр станциялары Қарқаралы ауданында және Осакаров кентінде де салынбақ. Абай ауданының Құрма ауылында энергия биогаз құрылғысы арқылы өндірілетін болады.


