Қашағанда коммерциялық мұнай өндіру 2016 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарлануда
Бұл жөнінде ҚР энергетика министрі Владимир Школьник елбасының қатысуымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.
«Қашағандағы жаңартылған коммерциялық мұнайдың өндірілуі 2016 жылдың екінші жартысында басталады деген жоба жөніндегі барлық мәселелерді реттеу бойынша келісімге өткен жылдың желтоқсанында қол қойылды», — деді В. Школьник.
Ол ҚР мұнай экспортының көлемі, оның ішінде КҚК негізгі экспорттық жүйесі бойынша 2014 жылы 62 млн тоннаны құрағанын атап өтті.
Сондай-ақ, 2016 жылға дейін КҚК 67 млн тоннаға дейін кеңейту бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. «Тенгизшевройл» компаниясы биылғы жылы 26,7 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлаған, ағымдағы жылы аталған жобаны кеңейту бойынша шешім қабылдануы тиіс.
«Бұл бізге мұнай өндіруді 38 млн тоннаға жеткізуге және құрылыс кезінде 20 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», — деді энергетика министрі.