Қашағанның мұнайын өндіру осы жылдың аяғында немесе 2016 жылы басталады деп күтілуде
Бұл туралы елбасы Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Оның айтуынша, мемлекет Қашағаннан алғашқы мұнайды 2014 жылы алуды жоспарлаған. Бірақ, су астындағы және су үстіндегі құбырларда жарықшақтар байқалған. Сондықтан жоғары қысымдағы құбырларды ауыстыру үшін игеру ісін тоқтата тұруға мәжбүр болған.
«Қазіргі уақытта компания ҚазМұнайГазбен бірлесіп белсенді жұмыс жүргізуде. Осы жылдың аяғында немесе 2016 жылы мұнай алуға үміттеніп отырмыз. Бұл біздің барлық бағдарламаларымызды орындау үшін айтарлықтай көмек болады», — деді Н. Назарбаев.