26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қасиетті Рамазан айының басталуына арналған баспасөз мәслихаты

1 июня 2016 Просмотры: 1 544
Жұма, 3 маусым күні сағат 11:00-де "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінде (Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі 61а үй, 3 қабат) қасиетті Рамазан айының басталуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. 

Баспасөз мәслихатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфтий Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфтий, "Қазырет Сұлтан" мешітінің бас имамы Серікбай қажы ОРАЗ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және фетвалар бөлімінің меңгерушісі Мұхаммед-Хусейн қажы АЛСАБЕКОВ, Алматы қаласы мешітінің бас имамы Нұрбек қажы ЕСМАҒАНБЕТ қатысады. 

Баспасөз мәслихатында Бас муфтий Ержан қажы Малғажыұлы қасиетті Рамазан айының басталуына орай халыққа жолдауын арнайды. 

Сондай-ақ дін қайраткерлері ораза ұстау ұзақтығы, төленетін пітір-садақа мөлшері, Қасиетті айда, Қадыр түнінде, Ораза айт кезінде өткізілетін қайырымдылық шаралар туралы сауалдарға жауап береді. 

Агенттіктің баспасөз орталығына журналистік куәлікпен кіруге болады. 

Аккредитация үшін телефондар:(+7-727) 250 35 28, 87773001695, 87776817040 e-mail: press2@interfax.kz .