26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақ-өзбек шекарасында отшашуларды заңсыз жолмен алып өтпек болғандардың пиғылы жүзеге аспай қалды

23 желтоқсан 2014 Қаралым: 1 193

Еліміздің оңтүстігіндегі Сарыағаш шекара отрядына қарасты «Ынтымақ» заставасының шекара наряды салмағы 10 килодай болатын бенгаль шырақтары мен петард жарылғыштарын әкетіп бара жатқандарды ұстады. Бағыттары көршілес Өзбекстан Республикасы болып шықты, деп хабарлайды  ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Шекарашылардың тоқтау туралы талабына құлақ асып, аялдағанымен кенеттен заттарын тастай қашты. Көршілес елдің аумағына өтіп, бой тасалады.

Қазіргі уақытта көршілес елдің шекарашыларының көмегімен іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Осы күні еліміздің шығысындағы шекарада орналасқан «Қорғас» бекетінде 2 центнер құс етін (үйрек) заңсыз алып өтпек болған 27 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды.

Ұсталған жүк «Қорғас» бекетінің ветеринарлық қызметіне берілді. Тергеу амалдары жүргізілуде.