26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстан аусыл бойынша таза статусын алу үшін Халықаралық эпизоотиялық бюроға өтінім берді

26 наурыз 2015 Қаралым: 1 454

Құжаттарды қарастырғаннан кейін ХЭБ 2015 жылдың мамыр айында өтетін кезекті Ассамблеясында Қазақстан аусыл бойынша таза мәртебесін алуы күтілуде, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл мал шаруашылығы өнімін ДСҰ және ЕО елдеріне экспорттауға және қазақстандық ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндік береді. Бұл жөнінде Халықаралық эпизоотиялық бюроның (ХЭБ) аумақтық семинарында Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төраға м.а. Е. Мадиев мәлімдеген. Аталмыш шарада қатысушылар Орталық Азия елдеріне аусылмен күресуді бақылауға арналған ұлттық бағдарламаларды әзірлеп, оны әрі қарай бекіту үшін ХЭБ-қа ұсынуда жәрдемдесу мәселелерін талқылаған.

2013 жылы Қазақстанда ветеринарлық қызметінің даму Стратегиясы әзірленген, бұл құжат ХЭБ мақұлданып келісілген. Сондай-ақ, ХЭБұсыныстары мен Стратегияға сай қолданыстағы ветпрепараттардың сапасына қойылатын талаптар күшейтілген.

ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетімен Россельхознадзордан Қазақстан Республикасының аумағы аусыл бойынша таза деген қорытынды алынды. Халықаралық эпизоотиялық бюросымен белгіленген талаптарға сай қазіргі таңда Қазақстан аумағы аусыл бойынша таза болып келеді.

Өткен жылы Қазақстан 11908,33 тонна ет және ет өнімін Ресей Федерациясына экспорттаған