Қазақстан экономикасы ең бәсекеге қабілеттілер рейтингінде Ресейден ілгері кетті
Алматы. 1 маусым. Ақпараттар орталығы. Қазақстан швейцариялық IMD бизнес-мектебінің нұсқасы бойынша экономикасы ең бәсекеге қабілеттілер рейтингі арасында 15 позицияға көтеріліп, Ресейден ілгері кетті, деп хабарлады РБК.
«47-орныннан 32-орынға бірден көтерілген Қазақстан өз позициясын жақсартты. Өткен жылы Қазақстан «мемлекеттік қаржы» параметрі бойынша 51-орыннан бірден 4-орынға секіріп, барынша ілгері кетті; «ішкі экономика» көрсеткіші бойынша 51-орыннан 40-орынға көтерілген. Ел сондай-ақ, «бизнес тиімділігі» санатында барлық позиция бойынша барынша көтерілді», - делінген хабарда.
Қазақстан сондай-ақ, Сауд Арабиясын (36 орын), Индонезияны (42 орын) және Түркияны (47 орын) басып озды.
Ресей болса рейтингте 44-орыннан 46-орынға түсіп кеткен. Хабарда атап өтілгендей, бір жыл ішінде бәсекеге қабілеттілік бойынша Ресейден Индонезия және Қазақстан ілгері кетті, Сауд Арабиясы мен Кипр де алға шықты, бұлардың рейтингін IMD алғаш рет есептеді. Бұл Ресейдің 2012 жылдан бергі ең төменгі позициясы, деп жазады РБК.
Рейтингте алғашқы орында екінші жыл қатарынан Гонконг иемденіп келеді. Екінші және үшінші орындарда.– Швейцария мен Сингапур. Олардан кейін АҚШ, Нидерланды, Ирландия, Дания, Люксембург, Швеция және БАЭ орналасқан.
Украина бір жол төмен түсіп, рейтингте 60-шы орында тұр.
Рейтингті Бразилия, Монғолия және Венесуэла тәмамдайды.
Биыл рейтингте барлығы 63 ел көрсетілген.
Индекс 50 критерийге негізделеді, олар соңында үш нақты факторға жинақталады – білім, технологиялық орта және болашаққа ашықтық.
Дереккөз: РБК


