26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстан электр энергиясын Ауғанстан, Пәкістан және Қытайға экспорттауға мүдделі

20 мая 2016 Просмотры: 1 255
Қазақстан электр энергиясын Ауғанстан, Пәкістан және Қытайға экспорттауға мүдделі
Алматы. 20 мамыр. Ақпараттар орталығы. Қазақстан электр энергиясын Ауғанстан, Пәкістан және Қытайға экспорттау жағын қарастырып жатыр, деп хабарлады «KEGOC» АҚ басқармасының төрағасы Бақытжан Қажиев.

«Егер де Ауғанстан мен Пәкістан тарапына экспорт шығаруды қарастыратын болсақ, ол жақта электр энергиясына деген қажеттілік бар. Бірақ бізде Қазақстанда бар энергияны тапсыру мүмкіндігі жоқ. Бүгінгі таңда
Қазақстандағы профицит 4-5 мың МВт құрайды. Тарифтердің енгізілуне орай бұл көрсеткіштерді арттырдық. Біз бұл бағыттарды CASA 1000 жобасы аясында қарастырып отырмыз, ол Қырғызстан мен Тәжікстан, Ауғанстан тарапынан жүзеге асырылып отыр», - деді Б. Қажиев.

Оның айтуынша, Қазақстанның солтүстігінде электрэнергиясы артылып қалып жатқанда, солтүстікте – тапшы. 
Бұл ретте, Ресейде электрэнергиясының 20 мың МВт көлеміндегі профицитіне қарамастан, Екібастұз ГРЭС-2 РФ-ға 200-300 МВт көлемінде электрэнергиясын жеткізеді. 

«Егер қытайлық бағытты қарар болсақ, онда қытайлық бағыт үшін электрэнергиясын үлкен көлемде жеткізу керектігін түсіну керек. Олар үшін Синьцзянь с. шекарасындағы Ұйғыр өңірлеріне жеткізу қызықсыз, оларға орталығына, Ухань аудандарына қарай жеткізу керек. Біз ҚХР-дағы өз әріптестерімізбен осыған қатысты келіссөздер өткізіп жатырмыз», - деді KEGOC басшысы.