26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстан мен Вьетнам қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шарттарға қол қойды

20 маусым 2017 Қаралым: 2 541 Әлемде,  Құқық
пресс-служба Генпрокуратуры РК
Фото: пресс-служба Генпрокуратуры РК

Алматы. 20 маусым. Ақпараттар орталығы. Қазақстан Бас Прокуроры Жақып Асановтың Вьетнам Социалистік Республикасына сапары барысында экстрадиция туралы және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы мемлекетаралық шарттарға қол қойылды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.

Хабарда атап өтілгендей, құжатқа Ханой қаласына сапары барысында Вьетнамның Бас прокуроры Ле Минь Чи және Қоғамдық қауіпсіздік министрі То Ламмен кездесулер кезінде қол қойылған.   

Ведомство ақпарынша, құжаттар арқылы екі елдің құзырлы органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, қылмыспен күресте, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге маңызды үлес қосуға үндейді.

Сонымен қатар, сапар барысында қазақстандық делегациямен жақын арада үшінші шартқа қол қою, яғни сотталған тұлғаларды беру туралы келісімге келді.

Тағы оқыңыз