Қазақстан парламенті әлеуметтік медсақтандыру жобасын қаржыландыруға ХҚДБ-нен $80 млн қарыз алу туралы келісімді мақұлдады
Астана. 11 мамыр.Ақпараттар орталығы. Парламент сенатының депутаттары бейсенбідегі алқа отырысында «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасы) ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын мақұлдады, деп хабарлады ҚазТАГ.
«Келісімге сәйкес ХҚДБ Қазақстан Республикасына әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасын қаржыландыруға 80 млн АҚШ долларын береді», - делінген сенаттың салалық комитетінің қорытындысында.
Хабарда айтылғандай, қарызды өтеу мерзімі 5 жылдық жеңілдік кезеңін қосқанда – 15 жыл.
Жобаның мақсаты денсаулық сақтау қызметтерін көрсету жүйесінің қолжетімділігін, сапасын және экономикалық тиімділігін арттыру және елеулі денсаулық проблемаларынан туындайтын қаржылық тәуекелдерді халық үшін төмендету болып табылады.
Бұл - қарыз алушының әлеуметтік медициналық сақтандыру (ӘлМС) ұлттық жүйесін енгізуді қолдау, Қарыз алушының ӘлМС жүйесін енгізуді қолдау үшін медициналық көмек көрсету жүйесін нығайту, Жобаны басқару, мониторинг және бағалау, коммуникациялық стратегия.
Аталмыш келісім 2016 жылғы 1 қарашада Астанада жасалған.
Дереккөз: КазТАГ


