Қазақстан қорғаныс министрлігіне Су-30СМ жойғыштарының кезекті партиясы келіп түсті
Алматы. 27 желтоқсан. Ақпараттар орталығы. Қарулы Күштердің
жауынгерлік құрамы 4++ үлгідегі СУ-30СМ заманауи көп функционалды жойғыштарының
кезекті партиясымен толықты, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз
қызметінен.
Хабарда айтылғандай, ол өзінің ұшу және тактика-техникалық сипаттамалары бойынша
бүгінгі таңда әлемдік ғылыми-техникалық ілгерілеудің шыңында әуе құрастыру
саласындағы 5-ші үлгідегі ұшақтарға шындап жақындатылған.
Ұшақ қарсыластың ақпараттық және атыспен қарсы іс-қимыл жасау жағдайында тәулік бойы, кез келген ауа райында базадан едәуір қашықтықта жауынгерлік тапсырмалардың кең спектрін орындауға қабілетті. Су-30СМ әуе нысаналарын, сондай-ақ, жерүсті және суүсті объектілерді жою бойынша тапсырмаларды шешеді. Ұшақ Қару-жарақтың кең түрімен және борттық радиоэлектронды құрылғының заманауи кешенімен жабдықталған.
«Аталмыш жойғышты ойдағыдай меңгеру үшін техниканың қыр-сырын жақсы біліп, ұдайы өзін-өзі жетілдіріп отыру қажет. Бір жарым жыл ішінде ұшқыштар аталған ұшақты сәтті игерді. Бұған дәлел ретінде бірқатар оқу-жаттығуларға қатысуын атап өтуге болады. Су жаңа авиациялық техниканың жеткізілуі жалпы алғанда, Қазақстан Қарулы Күштерінің ұшулар қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді»,- деп авиациялық база командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Теміртас Ыбыраев атап өтті.
Еске салсақ, Су-30СМ ұшақтарының алғашқы партиясы Қазақстан Әскери-әуе күштерінің жарақтандырылуына 2015 жылы бұдан бұрын Қазақстан мен Ресей қорғаныс ведомстволарының басшылары арасында қол жеткізілген уағдаластық шеңберінде келіп түскен.

