Қазақстанда 0-сыныптарда бірыңғай мектепалды бағдарламасын енгізеді
Алматы. 18 қараша. Ақпараттар орталығы. ҚР БҒМ 0-сыныптарда оқушыларды пилоттық оқыту бойынша қосымша түсіндірмесін ұсынды.
Ведомствода мәлімдегендей, «әңгіме мектепалды дайындық топтарын (0 сынып) енгізу туралы емес», себебі олар Қазақстанда балабақшалар мен мектеп базаларында мектепалды даярлық топтары түрінде жүріп жатыр.
"2016 жылдан 1 сынып оқушылары бірыңғай оқу бағдарламасы, бірыңғай базалық оқулықтармен білім алды. Ата-аналардың пікірінше, мектепалды дайындық тобындағы (0 сынып) балалар да осылай бірыңғай оқу бағдарламаларымен оқытылуы қажет. Себебі, мектепалды дайындық тобында (0 сынып) бірыңғай оқу бағдарламаларымен және бірыңғай базалық оқулықтармен оқымаған балаларға 1 сыныпқа келгенде бірыңғай оқу бағдарламаларын игеру қиындық тудырады", — деп түсіндірді ҚР БҒМ.
Еліміз бойынша 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап 0 сыныптарға мектепалды дайындықтың бірыңғай оқу бағдарламасын енгізу жоспарлануда.
"ҚР БҒМ 2017 жылдан бастап пилоттық жоба аясында еліміздегі мектепалды дайындық топтарына, білім мекемелеріндегі мектепалды дайындыққа (0 сынып) бірыңғай оқу бағдарламалары мен бірыңғай базалық оқулықтарды енгізу жоспарлануда", — деді баспасөз қызметінде.
Білім саласындағы тәжірибелі педагогтар мен ғалымдардың пікірлерінше, мектепалды дайындықтан бастап балалар «Әліппені» («Букварь») меңгерулері қажет. 5-6 жастағы балаларға үшін «Әліппені» («Букварь») үйрету жүктемесі қазіргідей үш айдың ғана көлемінде жүргізілмей, оқу жылы барысында меңгеруге бағытталатын болады. Балалар әріптерді тануға, буындап оқуға, тыңдалған дыбыстық сөздерге талдау жасауға үйренетін болады.
"1 сыныптан бастап жазуға үйрету басталады. Өйткені 5-6 жастағы балалардың ұсақ моторикаларды жазу үшін жеткілікті деңгейде дамымаған", — делінген мәтінде.
Қазіргі таңда ҚР БҒМ 5-6 жастағы мектепалды дайындық балалары үшін интерактивті технологиялар негізінде балалардың қабылдауына ыңғайлы «Әліппе» («Букварь») оқулығын әзірлеуді бастады.


