26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстанда 2015 жылғы қаңтар-наурыз айларында негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi 969 млрд. теңгенi құраған

16 сәуір 2015 Қаралым: 1 088

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлiгi Статистика комитетiнiң төрағасы Әлихан Смайылов Астанада болған брифингте айтты, деп хабарлайды үкімет басшысының сайты.

«Қаңтар-наурызда негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi 969 млрд теңгенi құрап, өткен жылдың бірінші тоқсанына қарағанда 2,9 % өсті», — деді Ә. Смайылов.

Оның айтуынша, бірінші тоқсанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,372 трлн. теңгені құрап, оның ішінде кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс өсімі 1,1%, өңдеу өнеркәсібінде 0,5% құрады.

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы ағымдағы 2 айда 13,3 млрд. долларды құраған, оның ішінде экспорт көлемі 8,533 млрд доллар, импорт 4,8 млрд доллар болған.