26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстанда 2015 жылы 7 млн астам шаршы метр тұрғын үй салынбақ

19 ақпан 2015 Қаралым: 852

Келесі наурыз айының өзінде жергілікті атқарушы органдардағы кезекте тұрғандарға 1353 пәтер беріледі. Бұл жөнінде Астанада болған брифингте ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев хабарлады.

«Ағымдағы жылы 7,1 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен — 561,7 мың шаршы метр», — деді Е.Досаев

«Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 487 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 9 740 пәтер салып, тапсыру жоспарланған.