26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстанда әрбір бесінші оқушы қандай да бір дертпен ауырады – депутат

17 сәуір 2016 Қаралым: 2 428
Қазақстанда әрбір бесінші оқушы қандай да бір дертпен ауырады – депутат

Алматы. 18 сәуір. Ақпараттар орталығы. Қазақстанда әрбір бесінші оқушы қандай да бір дертпен ауырады, ал әрбір үшінші әскерге шақырылушы әскерде қызмет етуге жарамсыз, деп хабарлайды премьер-министрдің сайты.

«Біз бәріміз балаларымыздың дені сау болғанын қалаймыз. Бірақ, оларды дене шынықтыру сабақтарынан босатады, балалардың компьютер ойындарымен әуестенуіне ата-ана бақылауы әлсіз, мұның бәрі шектен тыс оқу жүктемелерімен одан әрі ушыға түседі. Нәтижесінде, бүгінде мектеп жасындағы балалардың кем дегенде 75% гиподинамияға шалдыққан», - деп мәлімдеді ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Гүлнар Иксанова.

Сонымен қатар ол дәрігерлердің мәліметтерін келтірді, олардың айтуынша «тірек-қимыл аппараты ауруларының өсу үрдісі байқалып отыр». Сонымен, соңғы 2 жылда сколиозбен ауыру 2 жарым есеге артқан.

«Әр бесінші оқушы қандай да бір дертпен ауырады. Нәтижесінде, медициналық комиссияға келген әскерге шақырылушылардың тек әрбір үшіншісі ғана шектеусіз әскери қызметпен айналысуға дайын, әрбір үшіншісі қызметке жарамсыз», - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, ол қазақстандықтардың арасында зиянды әдеттердің таралуы үш жылдың ішінде төмендей бастағанына назар аударды.

«Үш жылда шылым шегу, ішімдік ішу сияқты зиянды әдеттермен әуестені, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазақстандықтар арасында төмендеген. Сондай-ақ, семіздік көрсеткіштері де аздап төмендеді. Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда халықтың 26,3 % жүйелі түрде спортпен айналысады, алайда мақсатты қамтуға, яғни 25%-ға, 4 облыс Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақмола облысы жеткен жоқ», - деді депутат.

Фото: altaynews.kz