26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстанда астық экспортының әлеуеті қандай

21 сентября 2020 Просмотры: 1 417 Экономика
ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Алматы. 21  қыркүйек. Ақпараттар орталығы - Қазақстан биылғы астықты Орта Азия елдеріне экспорттайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Биыл 18 млн тонна астық дақылдарын жинау жоспарлануда, бұл ішкі нарықты қамтамасыз етуге және экспорттық әлеуетті іске асыруға жеткілікті», - делінген ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «ҚазАқпараттың» сауалына орай берілген жауапта. Бұл ретте ағымдағы жылдың экспорттық стратегиясы былтырғыдан өзгеше болмайды және дәстүрлі нарықтағы (Орта Азия елдері: Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан), Ауғанстан және Иран) үстем позициялардың сақталуымен сипатталады. «Сондай-ақ, қол жеткізілген келіссөздер аясында перспективалы бағытта Қытай еліне экспорт қарқынын қолдау қажет. 2020/2021 маркетингтік жылы астық пен ұнның экспорттық әлеуеті шамамен 7,5-8 млн тоннаны құрайды», - деп нақтылады ведомство мамандары.

Источник: ҚазАқпарат

Читайте также