Қазақстанда жеке ЖМҚС-тар «ҚазМұнайГаз» брендімен жұмыс жасай алады
Алматы. 28 қараша. Ақпараттар орталығы. «ҚазМұнайГаз Өнімдерi» ЖШС франчайзинг сызбасы бойынша DODO (Dealer Own Dealer Operating) жобасын – жеке жанар-жағар май құю станцияларын «ҚазМұнайГаз» брендімен жұмысқа тартуды іске асыру басталғандығын хабарлайды.
Бағдарламаның міндеттері көп. Бір жағынан, ол республика өңірлеріндегі шағын бизнесті қолдауға бағытталған және экономиканың тиімді жеке секторын құруға, мемлекеттік-жеке әріптестікті дамытуға ықпал ететін болады.
«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС Бас директоры Асылбек Кәрібаевтың айтуынша, бағдарлама бір уақытта әлеуметтік бағдарланған және компания жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған болып табылады.
«Бұл жобаны мемлекеттік-жеке әріптестік үлгісі ретінде атауға болады, мұнда квазимемлекеттік сектор компаниясы шағын және орта бизнеске дамуға көмектеседі. «ҚазМұнайГаз» компаниясының жеке бренді барынша демократияланды, өйткені кәсіпкерлер оның бір бөлігі болу мүмкіндігіне ие болды", — деп санайды ол.
Компания өкілдерінің пікірінше, қазіргі уақытта қазақстанға танымал «ҚазМұнайГаз» бренді әріптестерге осы брендті пайдалану есебінен табыс алуға мүмкіндік береді.
Бағдарламаның басты мақсаты – ЖМҚС иелеріне «ҚазМұнайГаз» брендімен жұмыс істеуге, мұнай өнімдерін қолма-қол ақшаға және қолма-қол ақшасыз өткізуге, өзінің жұмыс істеп тұрған ЖМҚС барынша тиімді басқаруға мүмкіндік беру.
"Басқа сөзбен айтқанда, жоба жеке жанар-жағар май құю станцияларын, сондай-ақ қазіргі уақытта мұнай өнімдерін беруде қиындықтарды басынан кешіп отырған ЖМҚС үлкен емес желілерін қолдауға бағытталған және оларға нарық жағдайында өз қызметін жалғастыру, жұмыс орындарын сақтау мүмкіндігін береді", — делінген баспасөз парақшасында.
Бұдан бағдарлама жалпы мұнай өнімдерінің көлеңкелі айналымын төмендету, жол бойында қызмет көрсету және мұнай өнімдерінің сапасын жақсарту, салық жинауды көтеруге мүмкіндік береді.
Компанияда түсінідіріп өткендей, клиент мұнай өнімдерінің сапасынан да, әріптес басқаратын ЖМҚС мен ҚМГ басқаратын станцияда қызмет көрсету стандарттарынан да айырмашылықты байқамайтынын, тек сырттай болмашы ғана айырмашылықтар болатындығын атап өтуде. Әріптестің ЖМҚС-ы арнайы әзірленген бірыңғай корпоративтік стильге келтіріледі.
«ҚазМұнайГаз Өнімдері» компаниясы әріптестердің ЖМҚС-ларына мұнай өнімдерін тұрақты беруді, қолма-қол ақшасыз сату арқылы клиенттерді тартуды қамтамасыз ететін болады. Сонымен қатар, маркетингтік бағдарламалар іске асырылатын болады, «ҚазМұнайГаз Клуб» аясында жарнама акциялары мен іс-шаралар өткізілетін болады. Сондай-ақ, ҚМГ мұнай өнімдерінің сапасы бойынша, сондай-ақ ЖМҚС техникалық жай-күйіне байланысты Әріптестің жұмысына бақылау қызметтерін қамтамасыз ететін болады.
Бүгінгі күні аталған бағдарлама аясында ребрендинг жүзеге асырылды және Қостанай қаласында 3 және Қарағанды облысы Приозерск қаласында 1 жанар-жағар май құю станциясын іске қосу жоспарланып отыр.
ҚР барлық дерлік өңірлерінен жаңа қатысушылардың франчайзинг бағдарламасына кіруі туралы жан-жақты келіссөздер жүргізіп жатыр. Жақын уақытта Оңтүстік Қазақстан облысында франчайзинг желісін кеңейту жоспарланып отыр.


