26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстанда жылжымайтын мұлік бағасыөсуін жалғастыруда

9 ақпан 2015 Қаралым: 1 352

2015 жылғы қаңтарда өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары 0,8% өсті, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.

Абаттандырылған тұрғын үйлердің жалға беру бағасы 0,6%, абаттандырылған тұрғын үйлердің сатулық бағасы 0,4% өскен.

Бастапқы, таза әрленген пәтерлердің жалпы ауданының бір шаршы метрінің республика бойынша орташа бағасы 223 330 тенгені құраған. Бұл өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 0,8% өскен. Ал 2014 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 11,9% өскен.

Жалпы соңғы бес жыл ішінде, Статистика комитетінің мәліметінше, жаңа тұрғын үйлердің сату бағалары жыл сайын өсуде. Мысалы, 2010 жылдың желтоқсан айымен салыстарғанда баға 47,9% өскен.

Тұрғын үй нарығындағы бағаны байқау елордада, Алматы қаласында және облыс орталықтарында құрылыс компанияларын қоса қалалық қор бойынша жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың іріктелген шеңбері бойынша жүргізіледі.