Қазақстанда кендірден қағаз жасау өндірісін жолға қою жоспарлануда
26 Февраля 2016
2089
Жоспар,
Кендір,
ҚағазЖасау
Алматы. 26 ақпан. Ақпараттар орталығы. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлік палатасының (ҰКП) өңдеу өнеркәсібі Комитетінің жиналысында техникалық кендір шаруашылығының дамуын талқылады.
ҰКП баспасөз қызметі хабарлағандай, аталмыш тақырыпты талқылауға мүдделі меморгандар, кәсіпкерлер мен салалық қауымдастықтар қатысты. Сонымен қатар бейне конференция режимінде пікір-таласқа Қазақстан өңірлері мен Киев қаласы қосылды.
«Атамекен» ҚР ҰКП өңдеу өнеркәсібі Комитеті хатшысының орынбасары Батырбек Әубәкіров атап өткендей, импортты алмастыру саясаты аясында өткізіліп жатыр. Және күн тәртібінде тұрған басты мәселенің бірі өнеркісіптік кендір негізінде кеңсе қағазын шығару.
«Бүгінгі таңда кеңсе қағазының импорты шамамен 100 млн АҚШ долларын құрап отыр. Бұл ретте шикізат мүмкіндіктерін дұрыс қолдану арқасында біз өзімізде Қазақстанда қағаз шығара алар едік, осылайша жұмыссыздықты азайтып, импортқа тәуелділіктен құтыламыз», — деді Б.Әубәкіров.
Бұл пікірге «Kagaz Shahary SEZ» бас директоры Максим Скрынник те қосылды. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан Ресей мен Финляндиядан кеңсе қағазын сатып алып отыр, оған жылына 30 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалуда. «біздің мақсат — толық циклдегі қағаз шығаратын комбинат құрылысы үшін жағдай жасау және шикізатқа тәуелділіктен толығымен құтылу», — деп мәлімдеді кәсіпкер.
Скрынниктің айтуынша, олар Қазақстандағы қағаз өндірісінің барлық мүмкіндіктерін зерттеген, соның ішінде қайталама шикізатты да, сонда тек кендір ғана осы мақсатқа сай келді.
«Мен бұл идеяға бастапқыда аса мән бермедім. Бірақ, зерттеулер көрсеткендей, кендірден қағаздың тұтас ауқымы – банкноттықтан бастап кеңсе қағаздарын орауға дейін қажет болатын бірегей целлюлоза ғана емес, сондай-ақ өте жақсы тоқыма мен тағам өнімін де алуға болады», — рассказал он.
Максим Скрынниктің сөзіне қарағанда, бүгінде көптеген шетелдік инвесторлар аталған бағытта Қазақстанмен бірлесіп жұмыс істеуге дайын. .
Алайда, Kagaz Shahary басшысының сөзіне сүйенсек, саланың ешбір кедергісіз дамуы үшін ҚР заңнамасын жетілдіру қажет. «Бірінші кезекте осы мәдениетке деген қарым-қатынасты өзгерту керек. Қазақстандағы заң кендірдің барлық сұрыптарын есірткілік ретінде қабылдайды. Олай емес. Біз қолға алуды жоспарлап отырған есірткілік емес сұрыптары да бар. Бұл сұрыптарда психикалық белсенді заттардың аздығы сонша, ол адам ағзасына ешқандай психотроптық әсер етпейді», — деп мәлімдеді ол
Украиналық техникалық кендір өндірушілер өз кезегінде есірткілік емес кендірден өнімнің шамамен 50 мыңдай түрінің жасап шығарылатындығын да мәлімдеді. Есірткілік емес кендірдің дүниежүзілік нарығы соңғы 10 жылда нөлден бірнеше жүздеген млрд.долларға дейін көтерілген.
Өз кезегінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері техникалық кендір өсіруге қарсы еместігін жеткізді.
ҚР Ішкі істер министрлігі есірткі бизнесіне күрес департаменті жедел-іздестіру басқармасы басшысының орынбасары Дәулет Рахымбеков заңнаманың осы мәселені реттейтін нормалары бөлігінде Украинаның бағдарлы ведомствосындағы әріптестермен тәжірибе алмасуға қатысты қызығушылығын білдірді.
Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.
ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в
ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля
ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО
ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью
ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте
ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии
ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение
ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области
ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков
ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше
ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих
ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения
ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре
ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в
ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте
ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»
ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта
ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске
ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино
ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице
ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию
ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования
ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду
ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий
ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области
ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО
ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»
ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве
ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе

+77772555856
Написать нам




