26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстанда несиелерді ұсыну бойынша алаяқтық жағдайлар жиілеп кетті

19 сәуір 2016 Қаралым: 2 052
Қазақстанда несиелерді ұсыну бойынша алаяқтық жағдайлар жиілеп кетті

Алматы. 20 сәуір. Ақпараттар орталығы. Кейінгі кездері несиелерді жылдам әрі оңай алу және өзіңіздің жинақ қорыңызды көбейту мүмкіндіктері туралы электрондық хаттар, смс-хабарламалар мен хабарландырулар тарату жағдайлары жиілеп кетті, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Хабарланғандай, әдетте, алаяқтар азаматтардың сенгіштігін немесе қиын жағдайға тап болуын пайдалана отырып, қаражат мәселесін оңай шешуге байланысты ыңғайлы шарттармен адамдардың қызығушылығын оятады, сонымен қатар несие алуға қатысты оң шешім шығару үшін алдын ала төлем жасауға көндіре бастайды. Басқа жағдайда күдік тудыратын жобаларды инвестициялау арқылы аз уақыт ішінде пайда табуға уәде береді.

Өзіңізді «жалған несие берушілерден» қорғау өте жеңіл. Несие беру қызметін көрсету және салымдарды қабылдаумен айналысатын ресми түрде қызмет ететін екінші дәрежелі банктер мен шағын несиелік ұйымдар тізімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында, сонымен қатар банктің Астана, Алматы қалаларындағы және барлық облыстардағы бөлімшелерінде танысуға болады.

«Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз, олар жайлы өз жақындарыңызға айтыңыз, осылайша Сіз өз капиталыңызды заңсыз әрекеттерден қорғай аласыз», - деп атап өтті прокурорлар.