26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстанда қысқы мереке кезінде қосымша пойыздар шығарылады

22 қараша 2016 Қаралым: 2 734 Туризм,  Көлік
temirzholy.kz
Фото: temirzholy.kz

Алматы. 22 қараша. Ақпараттар орталығы. Қазақстанда мереке күндерінде пойыздарға қосымша 80 вагонның тіркелетінін хабарлайды, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.  

"Жолаушылар тасымалы» АҚ «Тұңғыш президент күні», «Тәуелсіздік күні» және «Жаңа жыл» мерекелері кезінде жолаушылар пойызына қосымша 80 вагон тіркеу жоспарланғанын хабарлайды.  

Қазіргі уақытта «Алматы-Астана», «Алматы-Семей» және «Алматы-Арыс» бағыттарында қатынайтын қосымша пойыздарды шығару қарастырылып жатыр.

"Сонымен қатар, тұңғыш рет отандық «Тұлпар-Тальго» зауытында жасалған кең кузовты жаңа үлгідегі вагондармен жасақталған екі жүрдек пойыз жолға шығады. 2016 жылдың 11 желтоқсанынан бастап № 3/4 «Алматы-2-Астана» пойызы және 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап № 11/12 «Алматы-2-Шымкент» пойызы жолаушыларға қызмет көрсетпек", — деді компаниядан.

Тағы оқыңыз