• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарына 10,7 млрд теңге төленді 

Алматы. 31 мамыр. Ақпараттар орталығы. 2003 жылдан бері Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы ретінде 10,7 млрд. теңге төленді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен.

Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес негiзсiз қуғын-сүргiндерге ұшыраған және осы заңға сәйкес ақталған адамдарға, республикалық бюджет қаржысынан олардың аталған орындарда болған әр айы үшiн әлеуметтiк қорғау органдарына өтiнiш жасаған сәтiнде қолданылған Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленген айлық есептік көрсеткіштің төрттен үш бөлiгi есебiнен, бiрақ заңмен белгiленген 100 айлық есептік көрсеткiш есебiнен ақшалай өтем төленедi..
 

2003 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықта республикалық бюджет қаржысынан 2,9 млрд. теңге сомасында біржолғы ақшалай өтемақы төленді. 2016 жылы аталған мақсаттарға республикалық бюджет қаржысынан 4,7 млн. теңге қарастырылған.
 

Сонымен қатар, саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына, мүгедек болып қалған және зейнеткер болып табылатын, саяси қуғын-сүргiндер салдарынан зардап шеккен адамдарға басқа да әлеуметтік төлемдерден тәуелсіз арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы (бұдан әрі АМЖ) 1,07 айлық көрсеткіші көлемінде төленедi (2015 жылы – 2121 теңге).

2005 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықта республикалық бюджет қаржысынан 7,8 млрд. теңге сомасында АМЖ төленді. 2016 жылға 987,6 млн. теңге жоспарланған. Ағымдағы жылғы 1 мамырға АМЖ алушылар саны 35 325 адамды құрады.
 

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 сәуірдегі № 3443 Жарлығына сәйкес, Қазақстанда жыл сайын 31 мамырда саяси қуғын-сүргiн құрбандарын Еске алу күнiн атап өтеді. 

ХХ ғасырда Қазақстан территориясында ең ірі ГУЛАГ – АЛЖИР, Степлаг, Карлаг лагерлерінің құрылымдары болды. Республика іс жүзінде үлкен түрме айналды. Қуғын-сүргін жылдарында Қазақстан лагерьлеріне 5 млн. адам жіберілген. Кейбір ақпараттар бойынша, жалпы қамалғандар саны бұл саннан едәуір көп.
 

1921 жылдан 1954 жылға дейінгі аралықта Қазақстанда 100 мың адам қамалды, оның ішінде 25 мыңына ең жоғарғы жазалау шарасы – ату жазасы қолданылған.
 

1930-1940 жылдарда Қазақстан халқын жаппай депортациялау болған. 1937 жылдың күзінде республикаға мыңдаған көрей, түрік, иран, құрт және әзербайджандар көшірілген. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы кезінде елімізге немістерді, гректерді, шешендерді, ингуштарды, қарачаевтарды, балғарларды, қырым татарларын және басқа елдерді депортациялаған. Олардың саны 1 млн.200 мыңға теңеледі.

Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.

ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение

ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области

ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков

ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше

ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих

ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения

ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре

ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в

ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте

ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»

ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля

ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта

ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске

ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино

ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице

ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию

ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования

ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду

ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий

ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области

ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО

ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»

ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве

ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе

ru Конституционный Суд и Офис ОБСЕ обсудили совместные инициативы на 2026

ru Дархан Сатыбалды провел встречу с инвесторами и предпринимателями Алматы

ru Более полумиллиарда тенге ущерба возмещено по делу в сфере образования

ru МВД предупредило о схеме удаленного доступа к смартфонам через вредоносные

ru Реконструкция вокзалов Жанакорган, Шиели и Казалы приближается к завершению

ru Президент США охарактеризовал Казахстан как прекрасную и богатую страну