Қазақстанда ҰҚШҰ «Мызғымас бауырластық – 2017» оқу-жаттығуы қазан айында өткізіледі
Алматы. 5 маусым. Ақпараттар орталығы. Қазақстанда Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының «Мызғымас бауырластық – 2017» оқу-жаттығуы «Іле» полигонында қазан айында өткізіледі, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Дүйсенбіде таратылған баспасөз парақшасында айтылғандай, ҰҚШҰ-ның бітімгершілік күштерімен «Мызғымас бауырластық – 2017» бірлескен оқу-жаттығуына дайындалу және оны өткізу мәселелері жөнінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы қорғаныс министрліктері, мүдделі министрліктер мен мүше мемлекеттер ведомстволары, Біріккен штаб пен Шарт Ұйымы Хатшылығы өкілдерінің екінші штабтық келіссөздері өткізілді.
«Екінші штабтық келіссөздер барысында оқу-жаттығуды өткізу ниеті мен тәртібі, оқу-жаттығу басшылығы аппараты мен делдалдардың, ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің Біріккен қолбасшылығы, оқу-жаттығуға тартылатын ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштері бітімгершілік контингенттері бөлімшелерінің құрамдары, олардың оқу-жаттығу ауданына келу (кету) мерзімі, Қызыл Крест халықаралық комитетімен өзара іс-қимыл жасау және оның оқу-жаттығуға қатысуы, бейбітшілікті ұстап тұру жөніндегі операциялар барысында халықаралық ізгілік құқық нормаларын қолдану мәселелері қарастырылып, келісілді», - деп атап өтілді қорғаныс министрлігінің хабарында.
Одан басқа, оқу-жаттығу ауданын («Іле» полигоны) алдын ала барлау жүргізілді. Онда далалық жағдайларда басшылық пен оқып-үйренушілерді, басқару пункттерінің жабдығын, қару-жарақты, әскери және арнайы техниканы, оқ-дәрілерді орналастыру мәселелері, сондай-ақ ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштері контингенттерінің практикалық іс-қимылдарын ойнату тәртібі қарастырылды.
«ҰҚШҰ-ның бітімгершілік күштерімен «Мызғымас бауырластық – 2017» бірлескен оқу-жаттығуы 2017 жылдың 16-20 қазаны аралығында өтеді», - деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінен.
Дереккөз: КазТАГ


