Қазақстанда ұялы байланыс пен мобильді интернет сапасы жақсарады
Алматы. 24 ақпан. Ақпараттар орталығы. Жыл соңына дейін Қазақстанда ұялы байланыс сапасы мен мобильді интернеттің сапасы артады, деп жазады ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевқа сілтеме жасаған «ҚазАқпарат» ХАА.
"Біз бүкіл Қазақстан бойынша радиожиілік стансаларын салып жатырмыз. Осы арқылы сандық телерадиотаратуға көшеміз де босаған жиіліктерді ұялы операторға береміз. Ұялы байланыс операторлары осы жиіліктердің арқасында ұялы байланыс пен интернеттің сапасын арттырады. Радиожиілік стансаларын салуға белгілі бір уақыт керек. Жыл соңына дейін, шамамен 200 радиожиілік стансасын орнатамыз, сол кезде ұялы байланыс пен мобильді интернеттің сапасы әлдеқайда артқанын байқайсыздар", — деп мәлімдеді Дәурен Абаев ҚР үкіметінің баспасөз орталығындағы брифингте.
Дереккөз: МИА "Казинформ"


