Қазақстандасоңғы 10 жылда киіктердің саны 6 есе артқан
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің (АШМ) хабарлауынша, Агроөнеркәсіп комплексін ғылыми қамтамасыз етуге өткен жылы 5,3 млрд. теңге жұмсалған.
Ғалымдардың еңбегінің нәтижесінде мемлекеттік сорттық сынауға ауыл шаруашылығы дақылдарының 110 сорты мен будандары жасалып, берілді. Қой, түйе, жылқы және ірі қара мал жаңа типтері шығарылды. Бұдан басқа мал шаруашылығы үшін емдік дәрі-дәрмектер мен вакциналардың 11 атауы әзірленді. Дәнді дақылдар алқаптарында отандық селекциялы сорттардың үлесі 47,5% құрады.
Арал теңізі аумағында экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында 10,6 мың га аумақта сексеуіл отырғызылды. Ал 2008 жылдан бастап Аралдың құрғаған түбінің аумағында 56,5 мың га орман алқаптары отырғызылды.
Қазақстандағы киіктердің саны 256,7 мыңға жетіп, 2005 жылмен салыстырғанда 6,4 есе артты. Сондай-ақ, арқар, қарақұйрық, құлан, бұғылардың саны өсуде, деп хабарлайды АШМ.