Қазақстандық ата-аналарды кәмелетке толмағандар арасында өз-өзіне қолсұғушылықты насихаттайтын қауіпті топтардың барын ескертуде
Алматы. 7 ақпан. Ақпараттар орталығы. Қазақстандық ата-аналарды әлеуметтік желілерде кәмелетке толмағандар арасында өз-өзіне қолсұғушылқыты насихаттайтын қауіпті топтардың барын ескертуде, деп хабарлады ҚазТАГ ҚР Ішкі сітер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Соңғы уақытта әлеуметтік желіде суицидке итермелейтін «Көгілдір кит», «Тыныш үй» сынды қауіпті топтар пайда болды", — делінген хабарда.
Хабарда көрсетілгендей, осындай топ ұйымдастырушылардың әрекеті ҚР ҚК 105 б., 3т. бойынша жауапқа тартылады.
"Балалар арасындағы суицидтің алдын алу мақсатында ата-аналардан балаларының виртуальды өмірдегі іс-әрекетіне бақылауды күшейтуді және мұндай жайттарды дереу полицияға хабарлауды өтінеміз»,- деді полицейлер.
Оның мәліметінше, өткен жылы кәмелетке жасы толмағандарды өз өзіне қол жұмсау жағдайына жеткізуге қатысты 9 қылмыстық іс қозғалған. Бірақ, ол жайттарға қазіргі уақытта әлеуметтік желі арқылы тараған ойынның қатысы жоқ.
Қазіргі таңда кіруді бұғаттау үшін суицид идеялары және басқа да заңға қайшы әрекеттерге бағытталған топтарды анықтау мақсатында мониторинг жүргізілуде, деді ІІМ-нен.
Дереккөз: КазТАГ


