Қазақстандық билік былтырғы су тасқынының қайталануынан қорқып отыр
Алматы. 26 ақпан. Ақпараттар орталығы. ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары өңірлер әкімдіктеріне орталық мемлекеттік органдармен бірге күн сайын мониторинг жүргізуді және су тасқыны жағдайын бақылауды тапсырды, деп хабарлады ҚР үкіметінің баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта республиканың су қоймалары көктемгі су тасқынын өткізу үшін сыйымдылық қорына ие. Су тасқынының алдын алу және оның салдарын жою үшін ЖЖМ, инертті материалдар қорлары даярланды, елді мекендерде қар шығарылып жатыр.
Су тасқынын гидротехникалық құрылым арқылы апатсыз өткізу, өзен алаптары учаскелерінде алдын алу шараларын өткізу мақсатында су тасқынына қарсы сәйкес комиссия құрылды.
Бақытжан Сағынтаев 2015 жылдың наурыз-сәуірінде су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды, Ақмола және басқа да облыстардағы оқиға қайталанбауы үшін барлық шараларды қолдану қажет екенін баса айтты.