Қазақстандық фармацевтикалық өнім экспортының көлемі 2016 жылға қарай 360 млн. долларға жетуі мүмкін
Бұл туралы ҚР ұлттық экономика министрінің орынбасары Тимур Жақсылықов айтты, деп хабарлайды үкімет басшысының сайты.
«2016 жылға қарсы халықаралық GMP стандарты негізінде ортақ дәрілік нарық ашылады. Бұл өндірістік іс-тәжірибеге тиісті стандарттар. Қазір Қазақстанда бес өндірушінің 9 өндірістік учаскесі жұмыс істейді. Олар GMP стандартына сәйкес. 2016 жылдан бастап ірі өндірушілер есеп бойынша фармацевтикалық өнімдерді ЕАЭО елдеріне экспорттай алады. Жоспар бойынша экспорт 360 млн. долларды құрауы мүмкін», — деді Т.Жақсылықов.