Қазақстандық фермерлер бір гектар жерден орта есеппен 400 доллардың өнімін алады
06 Мая 2016
2129
Қазақстан,
фермерлер,
өнім

Алматы. 6 мамыр. Ақпараттар орталығы. Қазақстандық фермерлер бір гектар жерден орта есеппен 400 доллардың өнімін алады, - деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадағы кеңес барысында.
Мемлекет басшысы елдің ауыл шаруашылығы саласында 2 миллион 300 мың адам жұмыспен қамтылғанын айтты.
«Сөйте тұра бұл салада еңбек өнімділігі төмен деңгейде қалып отыр. Отандық фермерлер бір гектар жерден орта есеппен 400 доллардың өнімін алады. Дәл осы көрсеткіш АҚШ-та 1,5 мың долларды, Германияда – 2800, Францияда 3200 долларды құрайды. Ауыл шаруашылығы жаңа техникаға, жаңа технологияларға, суғару жүйелеріне инвестиция салуға мұқтаж», - деді Н. Назарбаев.
Ол атап өткендей, әлемдік тәжірибеде ауыл шаруашылығына салынған қаражат өзін ақтау үшін 10-15 жыл керек. Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 10 жылға, соның ішінде шетелдіктердің жалға алуы туралы заң ұзақ уақыттан бері қолданылып келеді.
«Алайда бұл салаға әлі айтарлықтай инвестиция келген жоқ. Шетелдіктер 65 мың гектарда ғана жұмыс істеп жатыр, яғни жалға алынған жердің 0,06 пайызы ғана. Жерді ұзақ мерзімге жалға беру – бүкіл дүние жүзі бойынша инвестиция тартудың амалы», - деді президент.
Оның айтуынша, Бельгия, Германия, Грекия, Нидерланд сияқты елдер шетелдік инвесторлардың жерді меншікке немесе жалға алуы мәселесіне қандай да бір шектеу қоймайды. Францияда шетелдік инвесторлар үшін жер ресурстарын жалға алудың ең ұзақ мерзімі 99 жылды құрайды.
«Жер кодексі нормаларын әзірлеу барысында бұл тәжірибелер ескерілді. Бірақ жерді шетел азаматтарына сату мәселесі болған емес, қазір де жоқ», - деді Қазақстан басшысы
Еске салсақ, Қазақстан Президенті Жер кодексінің қоғамдық резонанс тудырған бірқатар нормаларына 2017 жылға дейін тоқтау салды.
Бұған дейін республиканың бірқатар өңірлерінде азаматтар рұқсат етілмеген митингіге шығып, қазақстандық ауыл шаруашылық жерлерінің шетелдіктерге жалға берілуіне немесе сатылуына наразылықтарын білдірген болатын.
Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.
ru Предприниматели теряют деньги на фиктивных перевозках в Алматы
ru Президент Болгарии посетит Казахстан с официальным визитом
ru Глава государства провел совещание с руководящим составом Комитета национальной безопасности
ru Глава государства провел телефонный разговор с Президентом Ирана Масудом Пезешкианом
ru В Алматы запущен новый маршрут общественного транспорта
ru Аким Алматы поручил усилить контроль за реконструкцией озера Сайран
ru Новые правила закупа позволили снизить цены на лекарства - Минздрав
ru О ситуации на пограничном пункте пропуска «Капланбек» рассказали в КГД
ru Готовится амнистия в связи с тридцатилетием Конституции РК
ru Движение на дороге Тараз – Шымкент ограничено из-за ДТП с
ru Премьер-министры Казахстана и Беларуси обсудили торгово-экономическое сотрудничество
ru Прокуратура выявила схему незаконного вывоза металлов
ru Бесплатных лекарств для казахстанцев станет больше
ru Глава государства принял министра труда и социальной защиты населения Светлану
ru В Казахстане сокращены сроки госзакупок
ru Средства из возвращенных активов направили на обеспечение питьевой водой жителей
ru В Атырауской области строится новая школа на возвращенные деньги
ru МВД: В Карагандинском регионе УБОП проведены задержания двух криминальных групп
ru Токаев направил видеообращение по случаю 70-летия космодрома Байконур
ru Развитие Алатауского района Алматы: дороги, амбулатория и инженерные сети
ru Казахстан и Китай укрепляют сотрудничество в борьбе с приграничными природными
ru Аким Алматы ознакомился с проектами формирования пяти полицентров города
ru Касым-Жомарт Токаев и Джорджа Мелони провели переговоры
ru В Алматы открыто движение на пробивке проспекта Абая
ru Подозреваемый в особо крупном мошенничестве экстрадирован из России
ru От азарта до отчаяния: премьера «Хабара» вскрыла реальность лудомании
kz Балалар Астананың таза болғанын қалайды
ru 72,4% сельхозугодий засеяно в Казахстане
ru Исторические ювелирные изделия сакского периода переданы в Национальный музей