26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстандық колледждер кәсіпорындардың тапсырысы бойынша мамандар дайындауда

20 апреля 2016 Қаралым: 2 743
Қазақстандық колледждер кәсіпорындардың тапсырысы бойынша мамандар дайындауда

Алматы. 21 сәуір. Ақпараттар орталығы. Қазақстандық колледждер кәсіпорындардың тапсырысы бойынша 1750 маман дайындайды, деп хабарлайды «Атамекен» ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ҰКП) сайты.

Хабарланғандай, бүгінде 1137 қазақстандық кәсіпорын 1750 маманды даярлау бойынша қазақстандық колледждермен келісімшарт жасасты. Кәсіпорындар мен колледждер арасында қамқоршы болу туралы 60 келісімшартқа қол қойылды.

ҰКП-ның 7 мыңнан астам кәсіпорын арасында жүргізген сауалнамасының нәтижесінде Қазақстанда компанияларға 134 мың маман жетіспейтіні анықталды.

«Соңғы уақытқа дейін коллеждерде білім беру бағдарламасын өзгерту бойынша проблемалар болды, себебі оларда бекітілген МЖМБС (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) бар. Жақында ғана МЖМБС-ға өзгертулер енгізілді. Енді колледждер өздерінің оқу жоспарын кәсіпорындардың тапсырысына сәйкес өзгерте алатын болды», - деді «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Алтаев.