26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстандық компаниялар Ауғанстанға ұн өнімдерін жеткізу туралы келісті

5 сәуір 2016 Қаралым: 2 093

Алматы. 5 сәуір. Ақпараттар орталығы. Қазақстанның сыртқы сауда палатасы ұйымдастырған Қазақстандық бизнестің Ауғаныстан Ислам Республикасына сауда миссиясы барысында тараптар 700 мың АҚШ долларынан астам сомаға қазақстандық астық пен ұн өнімдерін жеткізу туралы келісті.

Хабарда айтылғандай, ауғандық бизнесмендер «Чабрец» және «Рола» сауда маркілерімен өнімнің кең түрін таныстырған макарон өнімдерінің өндірісі бойынша қазақстандық компаниялардың өніміне үлкен қызығушылық танытты. Жақын уақытта ауғандықтар қазақстандық зауытқа баруды жоспарлап отыр.

Соялық бұршақтарды қазақстандық қайта өңдеушілер соялық күнжара жеткізу бойынша сүт өнірушілерінің ауған қауымдастығының басшылығымен келісімге қол жеткізді.

«35 млн халқы бар Ауғанстан экономикасы тұрақтылыққа ие болып, жанданып келеді. Басым бағыттардың бірі қазақстандық мердігерлердің үкіметтің инфрақұрылым жобаларына қатысуы болып табылады», - деді Қазақстанның сыртқы сауда палатасы басқармасының төрағасы Меирбек Мәжитов.

Оның айтуынша, Ауғанстан жыл сайын инфрақұрылым нысанының құрылысына 2 млрд долларға дейін қаржы бөледі. Оған электр желілерінің, темір жол желілерінің, суаруға арналған бөгеттердің, автомобиль жолдары, байланыс желілерінің құрылысы кіреді.

Қазақстанның сыртқы сауда палатасы мен Ауғаныстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы форум қорытындысы бойынша екі ел кәсіпкерлерінің ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған іскери кеңес құру туралы келісімге қол қойылды.