26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстандық компаниялар Түркменстанның темір жолын жаңғыртуға қатыса алады

4 мамыр 2017 Қаралым: 1 927 Экономика,  Әлемде,  Көлік
пресс-служба премьер-министра РК
Фото: пресс-служба премьер-министра РК

Алматы. 4 мамыр. Ақпараттар орталығы. ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.Мамин экономика, ғылыми-техника және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түркіменстан Үкіметаралық комиссиясының 9-шы отырысына қатысты, деп хабарлады Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қзыметінен. 

Отырыс  қатысушылары бұрын қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылуын талқылап, отын-энергетика секторы, көліктік-коммуникациялық, ғарыш саласы, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, білімі және мәдениет салаларында ынтымақтастықты одан әрі дамытудың нақты шараларын атап өтті.

ҮАК-нің 9-шы Қазақстандық компаниялардың Ашхабад – Ауғанстан шекарасындағы жол учаскесінің құрылысына қатысуға, 243 шақырымды құрайтын (31,6 тонна рельс, бағыттауыш бұрмалар) Түркменабад – Мары теміржол учаскесін жаңғыртуға, сондай-ақ Фарап қаласындағы рельс-дәнекерлеу кәсіпорны мен Сердар қаласындағы вагон жөндеу зауытын жаңғыртуға қатысу туралы алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бұдан өзге, тараптар Түркіменстан үшін ғарыш аппараттарының құрылыс жобасын талқылап, ғарыш саласында мамандарды даярлау туралы, Маңғыстау облысы мен Балқан уәлаятында шекаралас сауда аймағын құру, Аралды құтқару Халықаралық ұйымы аясында ынтымақтастықты нығайту жайында сөз қозғады.

Отырыс қорытындысы бойынша Хаттама қабылданды

Тағы оқыңыз