Қазақстандық оқушылар мектеп шкафтарымен қамтылады
Алматы. 7 ақпан. Ақпараттар орталығы. Білім және ғылым министрлігі қазақстандық оқушыларды оқулықтарын, аяқ киімдері мен спорт жабдықтарын сақтауға арналған шкафтармен қамтуды жоспарлап отыр, деп жазады Kazpravda.kz.
"Бұл жобаны біз мектеп директорларымен, өрт сөндірушілермен, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласының өкілдерімен ұзақ талқыладық. Бұл бағыттағы қадамдар өз кезегінде көптеген проблеманы шешеді, оның ішінде оқушы рюкзагының ауырлығын жеңілдетеді. Әрбір балада жеке шкафы болуы тиіс", — деді білім министрі Ерлан Сағадиев үкімет отырысы барысында.
Бұл жұмыстарды мүмкіндігінше, ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органдардың қаржысына бастауыш сыныптардан бастау жоспарлануда.
Сонымен қатар, министрлік мектепті сапалы ауыз сумен қамтумен айналысатын болады.
"Қала мектептерінде міндетті түрде сүзгіш пен су бұрқақтарын орнатуды жоспарлап отырмыз. Ал ауыл мектептерінде диспансерлер орнатамыз. мектеп оқушыларын 50% сапалы ауыз сумен қамтуға арналған 2017 жылға арналған бюджеттік өтінім нақтылауға ұсынылды", — деді министр.
Дереккөз: Kazpravda.kz


