26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстандық паралимпиадашылар тоғыз алтын медаль ұтып алды

9 наурыз 2015 Қаралым: 901

Мадридте өткен Испанияның жүзуден ашық чемпионатында қазақстандық паралипиадашылар тоғыз алтын, алты күміс және төрт қола жүлдені қанжығаларына байлады, деп хабарлайды ҚР мәдениет және спорт министрлігі.

Жарыстағы бұл жетістіктер әлем чемпионаты мен Паралимпиалық ойындарға жолдама алуға қажет нормативтерді орындаудың тағы бір сәтті қадамы болып табылады.

Қазақстан паралимпиалық құрамасының екі спортшысы – әлемнің алты дүркін рекордсмені Зульфия Габидуллина мен Инчхонда өткен Азия паралимпиалық ойындарының бес дүркін чемпионы Ануар Ахметов бұл нормативтерді бүгінгі таңда орындап қойған.