Қазақстандықтар бүкіләлемдік әскери ойындарда «күміс» және «алтын» иемденді
Алматы. 28 ақпан. Ақпараттар орталығы. Қазақстан армия спортшылары Бүкіләлемдік әскери ойындарында «күміс» пен «қола» жүлдеге ие болды, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Еркектер мен әйелдер арасындағы спорттық бағдарлау бойынша спринтте Қорғаныс министрлігі Орталық армия спорт клубының спортшылары кіші сержант Эльмира Молдашеважәне ҚР ҚК қызметкерлері Назырова Әсем мен Ольга Новикова Қазақсан тарапынан аттанды.
"Спортшылар ұзындығы 2500 метр, биіктігі 105 метрге дейін жететін тас жолда бәйгеге түсті. Түнде 30 сантиметрлік қар түсіп, бағдарлаудағы жарыс шартын қиындата түсті, себебі ормандық жердегі тасжол жұмсақ болды", — деді спорттық бағдарлау бойынша ҚР ҚМ АОСК штаттық командасының бастығы аға лейтенанты Денис Власов.
Келесі күні ҚР ҚМ АОСК спортшыларының командасы сол құрамда шаңғымен бағдарлау эстафетасында қола медальдарға ие болды. «Алтынды» Ресей спортшылары ұтты, «күміс» Франция командасына тиді.
«Франция спортшысынан сәл ғана артта қалған едім. Алайда қашықтықта шаңғының тіреуішімен ақау туып, бақталасты озуға кедергі болды», - деп, жан толғанысымен бөлісті Ольга Новикова.
Сочи қаласаныдағы III қысқы бүкіләлемдік әскери ойындарға әлемнің 26 елінен 2 мыңдай әскери спортшы қатысып жатыр. Ойындар шеңберінде жеке және командалық жарыстардан, биатлоннан, шаңғы жарысынан, таулы шаңғыдан, шаңғымен спорттық бағдарлаудан, ски-альпинизмнен, бөлмеде спорттық құзға шығу және шорт-тректен 44 комплект наградалар ойнатылды.


