26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстандықтар маусымнан бастап айыппұлдарын елден ұшар алдында онлайн төлей алатын болады

23 мамыр 2017 Қаралым: 2 478 Қоғам
Қазақстандықтар маусымнан бастап айыппұлдарын елден ұшар алдында онлайн төлей алатын болады

Алматы. 23 мамыр. Ақпараттар орталығы. Қазақстандықтар маусымнан бастап айыппұлдарын елден ұшар алдында онлайн төлей алатын болады, деп мәлім етті «Азаматтарға арналған үкімет» МК» ҰАҚ басқармасының төрағасы Аблайхан Оспановқа сілтеме жасаған ҚазТАГ.

«Бүгін әділет министрлігі мен «Қазпошта» АҚ бірге келесі мәселені қарады: маусымнан бастап жаңа сервис іске қосылады, ол арқылы азаматтар өздеріне шығарылған айыппұлдарын бірден онлайн төлей алады. Сол жерде автоматты түрде ұшуға салынған тыйым алынып тасталады. Аталмыш сервисті «Казпошта» ағымдағы жылдың маусымында іске қоспақшы», - деді А. Оспанов сейсенбідегі үкімет отырысында.

Бұл ретте ол атап өткендей, бұл «елден ұшуға тыйым салынған жағдайда айыппұлды төлеудің жақсы тәсілі» болып табылады.


Дереккөз: КазТАГ

Тағы оқыңыз